Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы және 4 аудан әкімдігімен бірлесе «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан кәсіпорындармен, мекемелердегі бос жұмыс орындары, солтүстік өңірлердегі жұмыс берушілерден ұсынылған бос жұмыс орындары ұсынылып, қоныс аударуға ниет білдірген азаматтардан өтініштер және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында құжаттар қабылданады.

Жәрмеңкенің өтетін орындары:

1) 2019 жылдың 14 қазанында Қаратау ауданы бойынша Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан № 83 жалпы орта мектебінде сағат: 10:00 де. байланыс номері: 8 (702) 793 99 71;

2) 2019 жылдың 15 қазанында Абай ауданы бойынша Қазығұрт шағын ауданында орналасқан № 66 жалпы орта мектебінде сағат: 10:00 де, байланыс номері: 8 (777) 590 07 89;

3) 2019 жылдың 16 қазанында Әл-Фараби ауданы бойынша Сәуле шағын ауданында орналасқан № 129 жалпы орта мектебінде сағат: 10:00 де, байланыс номері: 8 (707) 147 20 87;

4) 2019 жылдың 17 қазанында Еңбекші ауданы бойынша Қапал батыр көшесі, № 84 а үйде орналасқан Жұлдыз аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің ғимаратында сағат: 10:00 де.
байланыс номері: 8 (747) 972 68 99.