ҚР Ішкі істер Министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы  тағайындалды.

Лауазымға полиция полковнигі Нұрлан Өтегенұлы Жұмахметов келді. Ал өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары қызметіне полиция подполковнигі Бауыржан Қыдырәліұлы Бектұров кірісті.

Полиция департаментінің жеке құрамына өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы мен оның орынбасарын ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Садановтың өзі таныстырды.

Мөлдір Бекеева