Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында түнгі уақытта тұрғын-үйінің ауласында орналасқан қорасына белгісіз азаматтар кіріп, 1 бас қойын жасырын жымқырып кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімен енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған. Оқиға орнына тез арада осы аймаққа белгіленген учаскелік полиция инспекторлары полиция-майоры Марат Тұрғымбаев пен полиция-капитаны Дәрен Әбдімәжиттер жетіп, қылмысқерлерді ұстау мақсатында қажетті деп танылған барлық шараларды атқарады. Жақын аймақтарды аралап шығады, көрген-білгендерден сұрастырады.
Нәтижесінде сұрастыру арқылы алынған ақпарат көздерінен күдіктілердің кім екенін анықтап, өз үйлерінен ұстайды. Полицейлер қылмыстың ізін суытпай 1 күн ішінде ашады. Алайда, ұрланған малды сатып жібергенін анықтайды. Сатып алушыны тауып, айғақты зат ретінде ұрланған қойды алады. Және қойды заңды иесіне қайтарды. Тәртіп сақшыларының анықтауынша, күдіктілердің екеуі де жергілікті тұрғындар.
Бас шаралары «келу туралы міндеттеме» Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған азаматтардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Өз кезегінде арызданушы тұрғын ұрлатқан малын тауып бергені үшін аудандық полицейлерге оның ішінде учаскелік полиция инспекторларына алғысын білдірді. Жұмыстарына сәттілік тіледі.