Елімізде үшінші салық рақымшылығы жүріп жатыр. Салық төлемдерін мерзімінде өтей алмаған азаматтар енді ешқандай өсімпұлсыз, айыппұлсыз негізгі төлемдерді төлей алады. Бұл жеңілдіктер кімдерге тиесілі? Оны қалай тиімді пайдалануға болады? Шымкентте өткен семинарда мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері салық төлеушілердің осындай сауалдарына жауап берді.

11 мың кәсіпкер мен 140 мыңнан астам тұрғынның қарызы кешіріледі. Рақымшылыққа ілінген салық төлеушілер енді негізгі қарызын төлесе, өсімпұлдар мен айыппұлдардан босатылады. Жеңілдіктерді жіті түсіндіру үшін елордалық мамандар арнайы келіпті.

Жайдар Іңкәрбаев, ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары: «Біз  Түркістан облысы мен Шымкент қаласының салық тлеушілеріне семинар өткізіп жатырмыз. Заңды және жеке тұлғалардың рақымшылығына қатысты. Қазіргі таңда өсімпұл және айыппұлдарды кешіру бойынша акция өтуде. Салықтық рақымшылық бойынша 8 млрд. теңге құжат түсті, олардың 2,5 млрд. сомаға қарызы кешірілді».

Егерде салық төлеуші салықтық рақымшылық жарияланғанға дейін незігі қарызы мен өсімпұлды төлеп қойса, ол сома қайтарылады. Ол үшін мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш жолдаса болғаны.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары көлік салығын төлеуге асықпайды. Мүлік салығын төлеуге де енжарлық танытады.

Алмас Шаймерденов, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары: «Қарыздардың басым бөлігі 83 пайызы жеке тұлғалардың көлік салығы, бұдан бөлек жер мен мүлік салығынан болып тұр. 4 қазандағы мәліметтерге сүйенсек, 18 мың жеке тұлғаның өсімпұлдары кешірілді».

Заңнамада салық төлеушілерді кешіру ғана емес тиісті төлемнен жалтарғандарды жазаға тарту да қарастырылған. Еуро экономикалық Одақ елдеріндегі заңсыз импорттан шығындардың көлемі едәуір өскен. Мемлекет миллиардтап қаржы жолғалтуда. Тауардың құнын қолдан төмендететін кәсіпкерлерге қатысты сотта істер қозғалуда. Түркістан облысында алты кәсіпкер 4 млн. теңге айыппұл төледі. Тағы бір пысықай бизнес өкілі мемлекетке 1,5 миллион теңге қайтарды.

Жайдар Іңкәрбаев, ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары: «Жылдың  басынан экспорттық бақылау жүргізілуде. Ресей мен ЕАЭО келетін тауарлар біздің қадағалауымызда. Құжаттарды импорттаумен айналыспайтын компанияларға рәсімдеу сияқты жағдайлар орын алады. Осындай әрекеттерге барған тұлғаларға қатысты 6 іс ашылды. Бүгінгі таңда ЕАЭО импортқа салық төлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Экспорт пен камералды бақылау мәселесін реттейтін Заңнан бөлек, салықшылар электрондық есеп-шот фактурасына өтуді жеделдетуді ескертті. Бұл жүйе есеп жүргізу мен есепке алуды жеңілдетіп қана қоймай, көлеңкелі бинеске де тұсау салады.

Шынар Оразова