Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, Сайрам ауданындағы маңызы бар жолдардың бірінде орналасқан оның қоймасына белгісіз тұлғалар кіріп, касса бөлмесінің құлпын ашып, 3 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырып кеткендігін айтады. Бұл жайт Сайрам АПБ-ның СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталады.
Қылмысты жедел ашуға белсене кіріскен полиция қызметкерлері оқиға орнына бірден аттанып, жәбірленушімен тілдесіп, қандай да бір іздерді табу үшін қылмыс орнын мұқият тексереді. Осылайша қажетті деген шаралардың барлығын тыңғылықты атқарған жедел уәкілдер жинақтаған барлық мәліметтерін зерделеп, талдап күдіктінің ізіне түседі.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сайрам АПБ-ның қызметкерлері жергілікті тұрғынды құрықтайды. Одан айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары тыңғылықты атқарылуда. Енді қылмысқа күдікті жас жігітке мүлкін тәркілеу мен 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға қырағы болуға және өз мүлкін қараусыз қалдырмау қажеттігін естеріне салады. Үйлер мен пәтерлердің терезелерін темір тормен бекітіп, есіктерге сенімді құлыптар орнату, сондай-ақ бақылау бейнекамераларымен жабдықтаған жөн. Сондай-ақ, ақша мен бағалы заттарды сенімді жерде сақтау керек.
Егерде сіз осы секілді ұрлық қылмыстарының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз. Полицияға берген әрбір мәліметіңіз қылмысты ашып, қылмыскерлерді құрықтауда маңызды.