Шымкентте жолды бақылау күшейтілді.​ «Автобус» акциясы аясында жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерді тексере бастады. Ереже бұзғандар рейдтің алғашқы күні-ақ анықталды. ​ Автобус жүргізушілерінің көбі телефонмен сөйлесіп, жылдамдықты шамадан тыс арттырып, қауіпсіздік белдігін тақпайды.​

Полиция қызметкерлері қалада ескертудің сан түрін алса да, ақыр соңы айыппұл тартылатын жүргізушілер аз емес екенін айтады. Биыл қоғамдық көліктердің қатысуымен төрт жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам қаза тапты.​ ​ Полицияның қарауына қала арасында қатынайтын көліктер де кіреді.​ ​ Жолаушылар қауіпсіздігі үшін мұндай автобустар да тексеруден өтеді.

Ерғали Сүлейменов, Шымкент қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы: «Қазір біз Шымкенттен шығатын қалааралық рейстерді, олардың қайта жабдықталуын тексеретін боламыз. Қазіргі таңда автобус жүргізушілері көбінесе жол үстінде телефонмен сөйлесіп, ереже бұзып жатады. Жылдамдықты шамадан асырып жүйіткитіндер сондай-ақ көлікті техникалық байқаудан уақтылы өткізбейтіндер бар. Біз осының бәрін тексереміз».