Алған парасын қайтарам деп ұсталып қалды. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында жер қатынастары бөлімінде басшы болған шенеунік параны қайтару кезінде қолға түсті.

Ол қыркүйек айында жайылым жер беруге өтініш білдірген азаматтан 400 мың теңге алған екен. Соны қайтару кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері ұстаған. Ұстау кезіндегі видеоға сәйкес, бәйдібектік басшы ауызбастырықты 100 долларлық банкнот және 10 мың теңгеліктермен алған сияқты.

Ұяты оянды ма, әлде өзге оймен бе, ақшаны неге қайтармақ болғанын ведомстводағылар нақты айтпай отыр. Өз кінәсін мойындап, тергеумен қоян-қолтық жұмыс істеуге келіскен басшы қазір бостандықта.

Мөлдір Бекеева