Судья дәрігерді кінәсіз деп тапты. Биологиялық сараптама нәтижесі күдіктінің күнәсіз екенін көрсеткен. Ал жәбірленуші тарап мұнымен тіпті келіспейді. Айтуларынша, іс тек біржақты қаралған. Дәргерге қарсы кейбір деректерді судья ешқандай себепсіз қабылдаудан бас тартқан. Мейірбикенің әкесі тіпті өзіне «істі келісіп шешейік» деп белгілі бір көлемде ақша ұсынылғанын да айтады.
Жәбірленуші қыздың әкесі: «Кейін сыртқа шыққаннан кейін маған екі адвокат келіп маған «сіздер сондай бір миллион теңге сұрапсыздар ғой. Соны берейік де істі тындырайық» деген әңгіме айтты маған. Мен әрине қарсы болдым».
Естеріңізге сала кетсек, жергілікті емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін азаматша өзінің әріптесі зорлады деп сотқа шағымданған болатын. Содан бері бір тоқтап, қайта ашылған тергеу жарты жылға жуық жүріп, іс ақыры сотқа жеткен еді. Сотқа куә ретінде шақырылған куәгерлердің барлығы жәберленушіге қарсы күәлік еткен.
Талғат Қаһаров, Әл Фараби аудандық сотының судьясы: «5 куә, 4 куә дәрігер айтып тұр. Жәбірленуші қылмыс болған күннің ертеңіне осы қылмыс болғандығы жөнінде ештеңе айтпады. Ондай болмады деді. Бірақ жәбірленуші сотта «мен сіздерге айттым ғой» деп тұр. Бірақ 4 куәгер дәрігер айтып тұр, біз қызметтік тексеріс жүргіздік өзіміз де, осы іс бойынша ешқандай әңгіме жәбірленуші айтпаған».
Бұл істе әзірге мәселесі майшаммен қаралатын жалғыз тұлға — тергеуші. Сот кезінде оның процессуалдық заңнаманы бұзғаны анықталды. Әл Фараби аудандық сотының судьясы ол іске қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Ал, нефролог — дәрігер сот үкімі күшіне енгеннен кейін мемлекеттен моральдық шығын талап ете алады. Жәбірленуші тарап соттың мұндай шешімімен мүлде келіспейді. Дәрігерден зорлық көрдім деген мейірбике аппеляциялық сотқа шағым түсірмек.
Меруерт Ахан