Қызылжар ауылдық округінде жаңа «Қызылжар» дәрігерлік амбулаториясының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ж.Аманбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Досболов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Егізбаев және аудан әкімі М.Отаршиев қатысты. Нысанның салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ж.Аманбаев құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Досболов, ауыл ақсақалы Ж.Сақыбеков та көпшілікке өзінің жүрек жарды ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді.
Осыдан кейін мердігер мекеменің басшысы Ш.Утембаев дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Г.Абишеваға ғимараттың кілтін табыстап, нысанды ресми түрде пайдалануға берді.
Осындай игілікті істің куәсі болған Қызылжарлықтар облыс және аудан әкімдігіне өз ризашылықтарын жеткізді. Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.