Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен өткізілген Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша өткен кеңес барысында мәлім болды.
Жүргізілген талдау қорытындысы көрсеткендей, бағаланған объектілердің қаражатын аудару кезектілігін анықтайтын нақты критерийлердің регламенттелмеуі және Түркістан қаласы әкімінің орынбасарында қаражатты аудару кезектілігін белгілеу бойынша дискрециялық өкілеттіктерінің болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алып келді.
Бұл жағдай, меншік иелеріне тиісті қаражат кезектілікпен емес, тамыр-таныс немесе сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беру арқылы алуға болатындығын көрсетіп отыр.
Бұдан бөлек, жүргізілген талдау барысында мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімдерін алу бойынша құрылған жұмыс тобының мүдделер қақтығысына жол бергендігі анықталды.
Осылайша, жиында мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде бағалау жүргізу және қаражатты аудару кезінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасау, мемлекеттік қаражатты тиімсіз пайдалану, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау тәуекелі фактілерінің болуы атап өтілді.