Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бәрімізге ортақ міндет. Себебі, бұл дерт қоғам дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне кедергі келтіреді.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизімнің жаңа түрі» тақарыбында қалалық диагностикалық орталығының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – денсаулық сақтау саласы өкілдерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады.
Шарада сөз алған Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылып отырған жобалармен таныстырды.
Сонымен қатар, парасаттылық қағидатын ұстанып, адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық сияқты құндылықтар мінез – құлық нормасына айналуы тиіс екендігі айтылды.
Шара барысында Агенттіктің «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді, шағымдар, өтініштер, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, сыбайлас жемқорлық фактілеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына шұғыл әрекет ететіндігі жеткізілді.
Сондай-ақ, шара қорытындысымен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатындағы «Open Space» форматындағы азаматтарды қабылдау кабинеті таныстырылды. Мұнда Орталық басшылығы мен ұжымы азаматтардың өтініштерін қарап, жедел мәселелерін шешуге көмектеседі.