«Отау групп» компаниясы кезекті эксклюзивті тұрғын үй кешенін таныстырды. Жоспарланған 12 қабатты үйдің бүгінде 6 қабатының қабырғасы қаланған. Д. Қонаев даңғылының орталығынан бой көтеретін зәулім кешен миллионды қаланың келбетін аша түсері анық.

«РОЯЛ АПАРТМЕНТС» кешенінің нобайына қарасақ, шаһардағы ең сәулетті тұрғын үйлердің біріне айналады. Ол жерде балаларға арналған қауіпсіз, экологиялық таза ойын алаңдарын салу жоспарланған. Сонымен бірге консьерж де қарастырылған. Ішкі алаңында жеке бассейні бар мегаполистегі бірден бір кешен болмақ.

«Бұл кешен көп уақыт бойы тексерістен өткен, қауіпсіздік пен ерекшелікті ұштастыруға тырыстық. Біз ең алдымен, тұрғындардың қолайлылығын басты назарға алдық. Ішкі бөлігі ғана емес, тұрақжай, серуендеу орындары да бар. Алдағы жылы беріледі» дейді архитекторлар.

Тұрғын үй ең соңғы үлгідегі технологиялық лифтпен жабдықталады. Бір мұнарада екі жолаушылар лифті мен бір жүк лифті болады деп көзделуде. Тұрғындарға қолайлы жер асты тұрақтары мен әр қабатта жеке заттарды қоятын арнайы бөлмелері де қарастырылған.

Кешеннің директорының айтуынша ең басты артықшылығы ғимарат 9 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады.

Самат Амалбаев, «Otau Grup» компаниясының маркетинг бөлімінің басшысы: «Тұрғын үй кешенінің тағы да бір ерекшелігі сейсмикалық тұрақтылығы 9 балға дейін құрайды. 1-2 қабаттары комерциялық бағытта болады. Кез – келген сатып алушы біздің сату бөліміне келіп өтінім бере алады. Мәделі қожа көшесінде орналасқан».

Айта кетейік, құрылысы басталысымен сатылымға шығарылған кешендегі пәтер бағасы шаршы метріне 320 мың теңгеден басталады. Ал пәтер алаңы 44 м2  мен 143 м2 аралығында. Сатып алушының қалауына қарай, толық әрленген бөлмелер мен бөлме аралық қабырғалары жоқ бос кеңістік күйінде де алуыңызға болады. Тұрғын үй 2020 жылдың 4 тоқсанында пайдалануға беріледі.

Назерке Үкібасова