Шымқала қысқы маусымға дайын

152

Шымкент қаласы жылу беру маусымына дайын. 5 қазаннан бастап шаһардағы жылу құбырларына су толтыру жұмыстары басталды.

Сала мамандарының айтуынша 15 қазанда бұл жұмыс толық аяқталады. Қала аумағында орналасқан 412 шақырым магистралдық және ішкі орамдық жүйелерде қысыммен тексеру жұмыстары аяқталды.

«Қуатжылуорталығы 3» МКК балансындағы 10 жылу қазандығы 15 сорғы секциялары гидравликалық сынақтан өткізіліпті. Қаладағы 1889 көпқабатты тұрғын үйлердің 90 пайызы жылу қабылдауға сақадай сай дейді.

Биылғы жылыту маусымы ауа температурасының төмендеуіне байланысты жарияланатын болады.

Нұрлан Күдерұлы