Шымкент қаласы еліміз бойынша туристердің келу ағыны бойынша тізімде 8-ші орында. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы туризм басқармасының атқарған жұмыстары туралы өткізген баспасөз конференциясында белгілі болды.

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шетелдік азаматтар көп қыдырып келетін өңірлер Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысы. Ал бізді басып озған өңірлердің қатарында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен тіпті Қостанай өңірі бар. Ал басқарма өкілдері болса, көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда екі сатыға жоғарылады дейді.

Ғазиза Кулимова, Шымкент қаласы туризм басқармасының бас маманы: «Шымкент қаласына келген туристер саны бойынша Қазақстанда 10-шы орынға тұрақтаған болатын. 2019 жылдың 1 жартыжылдығына сәйкес Шымкент қаласы 8-ші орынға тұрақтады. 11 591 турист келген. Оның ішінде айтып өткенімдей, 14 173 — і шетел азаматтары болса, 97 473 — і ҚР азаматтары».

Меруерт Ахан