Шымкентте «Кәсіпорындарға сапа менеджментін ендіру» атты семинар өтті

Миллионды қаланың төрінде «Кәсіпорындарға сапа менеджментін ендіру» дәстүрлі семинары өтті. Жиында білім беру мекемелерімен кәсіпорындар қатысты. Шараның басты мақсаты — кәсіпорынды басқару сапасын арттыру.

«Кәсіпорындарға сапа менеджментін ендіру». Осындай атаумен «061 бюджеттік» бағдарламасы аясында аймақтық семинар ұйымдастырылды. Бұл жиын мемлекеттік басқармалардың арасында сапа менеджменті саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау, техникалық реттеу және мамандардың біліктілік дейгейін арттыру мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.Ал «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәкен Бейсеев  бас спикер ретінде жобаны жүргізіп, толықққанды таныстырды.

Мейіржан Сенбаев — семинардың тұрақты қатысушысы. Қаладағы салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасын жобаға сай екендігін сараптама арқылы тексеріп, өткізеді. Өз саласы бойынша тың жаңалықтармен танысуға семинарға қатысып отырғанын алға тартты.

«Мен осы семинарға жыл сайын тұрақты түрде қатысып келемін. Тиісті салаға сай тың ақпараттарды меңгеріп, жаңалықтармен етене танысамын. Сондай-ақ, осында алған білімім мен маңлұматтарды өз қызметімде тәжірибеге енгізіп, тиімді жүзеге асырудамын», — дейді Мейіржан Сенбаев.Бұл жолы жиынға менеджмент жүйелері саласындағы кәсіби құзыретін жетілдіруге 100 маман қатысты. Оның ішінде Шымкент қаласының және Түркістан облысының мемлекеттік органдар өкілдері, сәйкестікті растау жөніндегі органдары, сынақ, салыстырып тексеру зертханалары, білім беру мекемелері, сондай-ақ кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.