Шымкентте «Шапағат» мүгедектерді оңалту орталығы ашылды

1051

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Шымкент қаласына іс-сапармен келді. Ведомство басшысы «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығының» ашылу рәсіміне қатысты. Бұл орталық қандай қызмет көрсетеді? Оған кімдер бара алады?

Әлеуметтік қызаметкерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында ашылған жаңа орталықтың ашылу салтанатына министрдің өзі келді. Ерекше қызметті қажет ететін жандардың жағдайымен жақын танысып, орталықтың мүмкіндерін екшеді. «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі психо-неврологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Су жаңа мекеме жоспарлы 70 орынға лайықталған.

1-топ мүгедегі Мәмбет Әлімбетов орталықтың алғаш қызмет алушысы. Көз жанары сыр беріп жүрген кейіпкерімізге мамандар арнайы ем-дом шараларын жүргізді. Емделушілерге барлық жағдай жасалған орталыққа ол жиі келіп тұратын болдым дейді.

Жыл сайын елімізде мүгедектер саны артпаса кеміп отырған жоқ. Сондықтан да ерекше қызметті қажет ететін азаматтарға айырықша жағдай жасалуы тиіс дейді ведомство басшысы.

Орталықта келушілерге барлық жағдай жасалған. Бір мезгіл дене шынықтырып, бой жазып аламын десе, инструктор мамандар қызметке әзір. Арнайы кабинеттерде мүгедектер дәрігерлердің нұсқауы бойынша түрлі ем-дом шараларын ала алады.

Мақпал Рысбаева