Шымкентте жолаушылар автобусы көлікпен соқтығысты, зардап шеккендер бар. 24 қазанда түстен кейін «Қайнар бұлақ» тұрғын үй алабында ірі жол апаты орын алды. Куәгерлердің айтуынша, жеке тасымалдаумен айналысатын ВАЗ-2199 жеңіл автокөлігі басты көше бойымен келе жатып, № 70 жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

Бұл көше өте тар және оған екі көлік әзер сығылысып өтетіндей. Жол апатанан 8 адам зардап шекті. Жеңіл автомобильдің жүргізушісі және үш жолаушысы, қоғамдық көліктің төрт жолаушысы жарақат алған.

Олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Автомобиль көлігі айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, апаттың мән-жайын зерттеп жатыр.