Шымкенттік полицейлер көпбалалы ананың құжаттарын рәсімдеп берді

174

Полиция қызметкерлері көпбалалы анаға құжаттарын ресімдеуге көмектесті. Белгісіз себептерге байланысты Лейла Ильязова азаматтық алмаған.

Шымкент қаласының көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері көп балалы анаға азаматтық ресімдеу үшін қажетті құжаттар пакетін жинауға қол ұшын беріпті. Тұрғын көптен бері көңілін күпті еткен мәселесін шешіп берген тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

«Тәртіп сақшыларына алғысымды білдіремін. Мұндай қамқорлық күтпеп едім, оның үстіне кішкентай балаларыммен көшеге де шыға алмай отыр едім. Енді міне, құжаттарымды түгендеп жатыр. Көп рахмет!», — дейді Лейла Ильязова.

Мөлдір Бекеева