Ағымдағы жылдың 13 қазанында Шымкент қ. ПД-нің Абай ауданының полиция басқармасына Түркістан облысының 52 жасар тұрғыны сол күні сағат 12:00-де «Жібек Жолы» базарынан «Бекжан» базарына барып, кіре берісінде шамамен 50 мың теңге ақша, жеке басын куәландыратын құжаттар мен банк карталары бар әмиянын жоғалтып алғанын айтып арызданған.
Шымкент қ. ПД Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері хабарламаға жедел ден қойып, жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарды. Ол әмиянын «Жібек Жолы» базарындағы бутиктердің бірінде қалдырған екен.
Өз кезегінде азаматша полиция қызметкерлеріне адал қызметтері үшін алғысын білдірді.