«Коммуникативтік дағдыларды дамыту». Шымкент қаласы полиция департаментінің психологтары жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне осындай тақырыппен психологиялық тренинг өтті.
Тренинг аясында тәртіп сақшылары күнделікті қызметтерінде жиі кездесетін жағдайлар — келелі мәселелер, адамдармен туындайтын кикілжіңдердің себеп-салдарларын айтты. Қоғаммен қарым-қатынас орнатудағы проблемалардың алдын алудың жолдарын меңгерді. Сондай-ақ, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, алған білімдерін өз қызметінде қолдануға уәде берді.«Тренингтің мақсаты – қоғаммен қарым-қатынас орнатуда, адамдардың мінез-құлқын болжауда полицейдің мүмкіндіктерін анықтайтын коммуникативтік шеберлікті, сөйлеу дағдыларын, білім мен қабілеттілікті дамыту болып табылады. Өйткені әңгімелесушінің жағдайын дұрыс түсінбестен тиімді жоспарлау, шешім қабылдау, проблемалық және даулы жағдайларды шешу мүмкін емес. Сондықтан мұндай семинар-сабақтар бізде үнемі әрі жиі өткізіліп, қорытындысы нақтыланып тұрады», — дейді департаменттің басшылығы.
Мөлдір Бекеева