Түлкібас АПБ-ның кезекші бөліміне «102» байланыс телефоны арқылы ЖШС-нің қойма қызметкері хабарласып, арызданады. Ол өз арызында қоймаға белгісіз біреулер ұрлыққа түскенін көрсетеді.

«Ұрлық» жайты бойынша ақпарат келіп түсе салысымен аудандық полицейлер тез арада іске кірісіп, оқиға орнына шығып жедел тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді. Нәтижесінде, қоршауы бар қойманың үстіңгі шатырын бұзған күдіктілер қойма ішіне кіріп, ақ түсті 17 дана қапта тұрған жоңышқа ұрығын ұрлап кеткендігі белгілі болады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллионнан астам теңгені құрайды. Оқиға орнынан ешқандай айғақты заттар табылмайды.Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.

Қылмысқа қатыстыларды ұстау, қылмысты ашу мақсатында Түлкібас АПБ-нің жедел уәкілдері, ЖПҚ УПИ-ларымен жедел іздестіру шараларын жүргізеді. Жақын аймақтарды қарап шығып, куәгерлерден сұрастырып, қажетті деген барлық шаралар жасалынады. Егін егумен айналысатын, жері бар азаматтардан сұрастыру арқылы бір кәсіпкерге түнгі уақытта күдіктілер ұрланған жоңышқа ұрығының барлығын 400 000 теңгеге сатып кеткені анықталады. Осылайша, күдіктілердің жергілікті тұрғындар екені белгілі болып, 3 бірдей жас жігіттер ұсталды. Айғақты зат ретінде 17-қап жоңышқа ұрығы тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, ұрлық жасағандар алдын осы жерде жұмыс жасаған. Және үлкен қойманың артқы жағынан кіріп, жымысқы ойларын іске асырған. Күдіктілердің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда қосымша тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға, мал-мүліктеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Қажеттілігіне қарай бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Құлыптарын мықты етіп, қоршаулар қойыңыздар.