Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде белгілі бір тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды анықтау және оларды криминалистикалық, жедел-анықтамалық, басқа да қолда бар есептерге қою мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Мысалы, Қазығұрт АПБ қызметкерлері 15-17 қазан күндері аралығында еш жерде тіркелмеген азаматтарды анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық іс-шара барысында тұрғылықты мекен-жайы жоқ 2 азамат ауданға қарасты ауылдардың көшелерінен ұсталып, анықталды. Олардың екеуі де Өзбекстан Республикасының азаматтары, Қазығұртқа жұмыс істеу үшін келген болып шықты. Үй-күйсіз азаматтар арнайы қабылдағышқа, Шымкент қаласына жеткізілді.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары күдікті 20-дан астам азаматты тексерді. Одан бөлек 12 жертөле, қараусыз қалған 9 кәріз құдығы, құрылысы бітпеген немесе қараусыз қалған 3 ғимараттар мен олардың шатырлары, 1 қоқыс тастайтын орындар тыңғылықты тексеріліп, жүйелі жұмыстар атқарылды. Профилактикалық-жедел іс-шараның қарқынды жүзеге асырылуын АПБ-нің басшылығы бақылауға алған. Осындай рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылып тұрмақ.