Алибекова Гульнар Жолдасовна Тәжікстан Республикасынан Қазақстанға көшіп келген. Сондықтан Тәжікстан елінің тіркеуінен шығып, тарихи отаны Қазақстан Республикасы Түркістан қаласына уақытша тіркеуге тұруға құжаттарын тапсыруға Түркістан қаласындағы көші-қон қызметі бөлімінің орталығына келеді.

Жанға жайлы, қолайлы, барлық қажетті мамандар бір жерде шоғырланған орталықтың қызметкерлеріне және көрсеткен қызметіне риза болған қандасымыз «Елге оралып қуанып жатырмын. Оның ішінде ҚР-ның азаматтығын тез әрі оңай жолмен алдым. Көші-қон қызметкерлеріне алғысым шексіз. Белгілі мерзімде, ары-бері сандалтпай, құжатымды жасап берді. ҚР-ның азаматы деген төлқұжатыма қайта–қайта қарап, қуанып отырмын»-деп жүрекжарды сөздерін жеткізді.

Тұрғындармен ашық қарым-қатынас орнатып, алғыс алған полицейлердің жұмысына бізде сәттілік тілейміз. Бұл дегеніміз – елдің қауіпсіздігі мен тыныштығына жауап беретін полицейлердің еңбегінің жемісі деп білеміз!