Жаңа ауыл әкімі қырман басында субсидия жөнінде шаруалармен кездесу өткізді

497

Жетісай ауданы Жаңа ауыл округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров бүгін шаруаларға үкіметтен берілетін субсидияны қалай алуға болатыны жайында егістік басына келіп шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ауыл әкімінің айтуы бойынша биыл үкіметтен мақтаның әр тоннасына берілетін субсидияны алу үшін шаруа мақта зауыттарымен тікелей келісім-шартқа отыру керек дейді. Кездесу барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары терімшілерге әннен шашу шашып көңілдерін көтерді.