Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің брифинг залында Жетісай ауданы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Данияр Торлыбаев пен Жетісай ауданы экономика және қаржы бөлімінің орынбасары Ғабит Мелдебеков жергілікті БАҚ өкілдерінің алдында 8 айда атқарған жұмыстарының есебін берді.

Бірінші болып есепті кәсіпкерлік бөлімі берді. Ал, сұрақ жауаптар екі бөлімнің қатысуымен бірге өткізілді.

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысының айтуы бойынша 2019 жылы өнеркәсіп өнімнің нақты көлем индексін –103,3 пайызға, ал өнеркәсіп өнімдерінің көлемін 7 млрд. 638 млн теңгеге жеткізу жоспарланса, ағымдағы жылдың 8 айында ауданның 13 өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі 5 206,1 млн. теңгені құраған. Бұл 2018 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 1163,4 млн. теңгеге артық өндіріліп, нақты көлем индексі 105,9%-ға жеткен, яғни жылдық межеленген жоспар 2,6%-ға артқан. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 3,1 млрд. теңгеге өнімдер өндіріліп нақты көлем индексі 105,1%-ды құраған осы бойынша жылдық жоспар 103,2% белгіленген болса, ол 1,9%-ға артық орындалған. «Жаңа Жетісай» газетінің тілшісі Эльмира Өсербекқызының индустрия саласы бойынша қойған сұрағына бөлім басшысы төмендегідей жауап берді.

Индустриалды инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда аяқ киім, полиэтилен өнімдерін, синтепон талшығы және қарқынды баудан жемістерді өндірумен айналысатын жалпы құны 1306,0 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, жаңадан 400-ге жұық жұмыс орындары ашылған.

Үстіміздегі 2019 жылы аталмыш бағдарлама аясында 1 жоба іске асыруға жоспарланған. Атап айтқанда, жалпы құны 200 млн. теңгені құрайтын «Медет Сүт» ЖШС-ның «Сүтті терең өңдеу» жобасы облыс әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылған.

Келесі болып «Жетісай Жаңалықтары» газетінің редакторы Ақерке Бақтыбаева Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бойынша сұрақ қойған болатын.
Тиісінше бөлім басшысы төмендегідей жауап берді.

Ауданда шағын кәсіпкерлік саласы кең етек жайып келеді. Айтатын болсақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша 15 286-ға жетіп , оның ішінде шаруа қожалықтар саны 10156, дара кәсіпкерлер саны 4190, заңды тұлғалар саны 940 құрады. Ал, жұмыс істеп тұрғандарының саны – 14818 бірлікке жетіп, жалпы тіркеудегі субъектілердің 97% құрады. Жұмысшылар саны 21248 адамға жетіп, өндірілген өнім көлемі 19077,3 млн.тенгеге, салықтық төлемдері 141,2 млн тенгені құрады.

«Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары мен пайдасын жергілікті жастарға түсіндіру, оларға аудандағы мықты кәсіпорындардың өндірістерімен таныстыру жұмыстары жолға қойылған. Биылғы жастарды қолдау жылында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша жылдық 1 пайызбен жалпы құны 4 млн. теңгеге 2 жоба қаржыландырылды және 1 жоба мақұлданды. Атап айтқанда, Жетісай қаласында «ЖК Қозыбекова Асия» авто орындықтарын қаптау тігу цехының жұмысын кеңейтіп, тұтынушыларға замануй улгідегі өнімдерді ұсынуда, сондай ақ мемлекеттік қолдаумен өз мүмкіндігін үйлестіре білген жас кәсіпкердің бірі Дінтаев Нұрболат, ол Асықата кентінде кондитерлік өнімдер өндіретін цех ашып, тәтті тағамдарды жергілікті тұрғындарға ұсынуда, және Жетісай қаласындағы « ЖК Тұрлыбеков» Жасұланның қолөнер бұйымдарын өндіретін шеберханасын ұйымдастыру үшін 1 млн. теңге көлемінде қйтарымсыз грант бөлінді» дейді бөлім басшы Данияр Толыбаев

Қосымша айта кететін болсақ Жетісай ауданында келесі жылы бір мезетте 600 адамды қамтамасыз ететін аквапарктың құрылысы аяқталатын болады. Оның аумағында үлкен және кіші теннис корттары болады деп жоспарланып отыр.