фото Arnapress.kz

Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Қант диебеті ауруын алдын алуға бағытталған акция ұйымдастыруда. Акция аясында орталықтың мамандары салауатты өмір салтын насихаттаушылар арасында #Қантдиабетіналдыналчелленджін бастады. Аталған акцияға кез — келген азамат үлес қоса алады.

Видео челеннжді орталықтың үйлестіруші маманы Айжан Молдабаева бастап, Түркістан облыстық салауаты өмір салтын қалыптастыру орталығындағы әріптестеріне эстафета ретінде жолдайды.

Бұл челленждің мақсаты: Диабетпен және оның асқынуларымен пайда болған көкейтесті мәселеге қоғамның назарын аудару; өз денсаулығы, қант диабетін уақытында анықтау үшін халықтың ортақ жауапкершілігін арттыру.