Қазақстан Республикасы азаматтары жұмысынан айырылып, жұмыссыз болып қалса, жұмыс орныңызда штат саны қысқарған болса, жұмыс орныңыз таратылған болса, жұмыс орныңызда өнім көлемі азайған болса азаматтарға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленеді.

Аталған әлеуметтік өтемақыны алу үшін ҚР азаматы кем дегенде 6 ай ресми түрде жұмыс істеген болуы және сізге әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыс беруші аударымдар төлеп тұрған болуы тиіс .

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес, мекен-жайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздарға әлеуметтік төлем беріледі.

Жұмыссыздығы бойынша тіркелген азаматқа бір айдан төрт айға дейін төлем тағайындалады, сонымен қатар, штат саны қысқарып немесе ұйым таратылған болса немесе өнім көлемі азайғаннан жұмыстан шықса, алты айға дейін әлеуметтік төлем төлейді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан Жұмыссыздық бойынша төленетін мемлекеттік жәрдемақы мерзімі 4 айдан 6 айға ұзартылмақ. Қажетті құжаттар: жеке куәлік, еңбек қатынастарының бұзылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен көшірме, тұрғылықты жері бойынша тіркеу , жұмыссыз ретінде тіркеу туралы (Халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараттық жүйесінен), банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер.Ал егер жұмыс орнынан өз ерігіңізбен шыққан болсаңыз сізге жәрдемақы төленбейді.