«Қыран» футбол клубының мәселесін еліміздің спорт және мәдениет министрілігі өз қадағалуына алды. Бүгін «Нұр Отан» партиясының Шымкенттегі филиалында клуб басшылығы мен министрлік тікелей эфирде хабарласты.

Сарбиназ Алдабергенова бастаған ұжым қырандықтардың бүгінгі күйін түсіндіріп, көмек сұрады. Осыған дейін олар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және бір қатар министрліктерге арнайы хат жолдаған болатын. Онда клуб қызметкерлері мен футболшылар жеті айдан бері айлық алмай отырғанын және жергілікті билік өкілдері «Қыранның» мәселесін шешуге асықпайтыны жазылған.

Осыған байланысты бүгін жиын ұйымдастырылып, Спорт және мәдениет вице-министрі Дауешов Нурғиса Мұратұлы жетінші қарашаға дейін бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтынын жеткізді.

Назерке Үкібасова