Қорғаныс министрлігі Арыс тұрғындарынан қандай шағым түсіп жатқанын айтты

239
фото Sputnik

Генерал-майор Тимур Дәндібаев Арыс қаласындағы зарылғыш заттарды жою барысында қауіпсіздік шаралары толығымен сақталатынын айтты. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Арыс тұрғындарынан әлі де шағым түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тимур Дәндібаев қала-аумағынан оқ-дәрілердің қалдықтары әлі табылып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, олардың жарылу қаупі жоқ.

Тұрғындардан әртүрлі шағымдар түседі. Олар оқ-дәрілердің фрагменттерін тауып алғанын айтады. Біз жедел әрекет ету тобымен ол жерге барып, оқ-дәрінің көзін жою үшін оны басқа жерге апарамыз. Қазіргі таңда Арыс қаласының тұрғындарына және елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда қорғаныс министрінің орынбасары бүгінде әскери мамандар Арыстағы оқ-дәрілер сақталған базаны тазалауға кіріскенін жеткізді.

«Табылған және тасымалдауға келмейтін фрагметтерді бірден жоямыз. Мамандар тиісті жұмыс жүргізіп, қауіпсіздік шараларын сақтайды. Жарылғыш заттарды жоюға арналған әдістеме бар. Қала инфрақұрылымы мен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті жұмыс жүргізіледі», — деді Тимур Дәндібаев.

Оның айтуынша, соңғы уақытта осындай әдіспен оқ-дәрінің 3 фрагменті жойылыпты.