Бүгін Дүниежүзілік сапа күніне орай «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Шараға кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Оларға әлеуметтік қызмет көрсету саласында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына сәйкес бекітілген және әзірлену барысындағы мемлекеттік стандарттар түсіндірілді. Сонымен қатар бағдарламада ИСО 9004 «Сапа менеджменті», «Ұйымдастыру сапасы», «Тұрақты табысқа қол жеткізу» жөніндегі ұсынымдар қамтылды.

Сәкен Бейсеев, «ҚазСтИн» РМК Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы: «Кәсіпорындарда, халыққа қызмет көрсететін мекемелердің жұмысы  тұтынушылардың  талабын орындауға бағытталуы шарт. Ол заман талабы. Өйткені шығарған затың сапасыз болса, ол тұтынылмай шығынға батасың. Нарықтағы бәсекелестік жоғары. Сондықтан да, тауарөндірушілер халықаралық талаптарға сай өнімдер шығаруға барлық күш жігерін салуда. Әрбір кәсіпорын мемлекеттік стандарттарды орындауы тиіс».

Шынар Оразова