Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Қайрат Аманкелдіұлы Әбдуәлиев тағайындалды.

Қайрат Аманкелдіұлы 1968 жылы Түлкібас ауданында туған. Білімі жоғары, ғалым агроном, заңгер.

Еңбек жолын 1986 жылы Түлкібас ауданы Киров атындағы колхозының «Алтын арай» жастар комсомол бригадасының шопаны ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 1999 жылы Түлкібас ауданы әкімі аппараты аймақтық даму және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымында бастаған.

2001-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті Түлкібас ауданының өкілі-бас маманы және төрағасы лауазымын атқарды. 2004-2010 жылдары аралығы ҚР АШМ Түлкібас аудандық аумақтық басқармасының бастығы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы, инспекция бастығының орынбасары және бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдан бері Түлкібас және Сарыағаш аудандарының әкімі лауазымдарын атқарып келген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі