Депутаттар қылқан жапырақты ағаштарды отырғызуға қарсы

204

«Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында «Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары» талқыланды. Жиын барысында халық қалаулылары облыс орталығын көгалдандыруда неліктен жауаптылар қылқан жапырақты ағаштарға басымдық бергендері жайлы мәселе көтерді . Естеріңізге сала кетейік, Түркістанның аумағында жасыл белдеу құруға және көгалданыруға бюджеттен 1 млрд. 800 млн. теңге бөлінген.

Мұрат Төлтебев, облыс мәслихатының депутаты: «Түркістанға кіре берістегі көше жолының ортасына неге арша отырғызғансыздар? Шымкенттегі тәжірибе сабақ болмады ма? Шымкентте отрығызып бес жылдан кейін орнына емен екті ғой».

Жандос Байырханов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары: «Бекзат Саттарханов көшесіндегі екі жолақ көшенің ортасына биік емес бойы қысқа ағаштарын отырғыздық. Өйткені, көшенің бір бетінде саябақ болса, екінші жағында гүлзарлар. Көріністі жаппайды».

Шынар Оразова