ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Шымкентте «Діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріндегі жастардың ролі » тақырыбында екі күндік семинар өтуде. Іс -шараның мақсаты- жастардың бойында экстремизмге қарсы сананы қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру.
Жастардың радикалды және деструктивті діни ағымдарға қайта оралуына жол бермеу. Еркін форматта өткен семинарда қоғамдық қордың өкілдері, блогер, сарапшылар жастардың сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан экстремизмге қарсы республикалық акциясы жалғасы ретінде ұйымдастырылған семинарда белсенділік танытқан бес студент Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алады. Бұдан бөлек жастар «Әлеуметтік желілердегі үздік пост — жарияланым», «Діни экстремизмге қарсы әрекет бойынша үздік креативті акция», «Еріктілер қозғалысының үздік ұйымдастырушысы» байқауына қатысуға мүмкіндіктері бар.
Шынар Оразова