Елімізде тұңғыш сапар орталығы ашылады

416

1 желтоқсан күні Отырар қалажұрты маңынан салынған «Сапар орталығының» ашылу салтанаты өтеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары негізінде қолға алынған кешеннің ашылуы аясында «ОТЫРАР ҚАЛАЖҰРТЫ ҚАЗАҚСТАНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ІСІНІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.