Есірткі дайындаумен айналысқан жетісайлық жат ағым өкіліне қатысты сот үкімі шықты. Деструктивті ағымның жақтаушысы Әбдіхалық Тәңірбергеновке ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша айып тағылды.

Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды сату мақсатынсыз заңсыз дайындады және құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұққаны дәлелденді.

Күдіктіге Түркістан облысы Жетісай аудандық соты 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы және 90 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады. Іс материалдарына сәйкес Ә. Тәңірбергенов ірі мөлшердегі есiрткi заттарды дайындап, сақтауды діни амалдарды орындайтын бөлмеде жүзеге асырғаны белгілі болды. Мұны сотталған азамат ұстанатын «діни» ағымының аталған әрекеттерге жол беретіндігімен түсіндірді.

Меруерт Ахан