«Фридом Финанс» микроқаржылық ұйымына — 5 жыл

154

Шымкентте «Фридом Финанс» микроқаржылық ұйымының филиалы өзінің 5 жылдығын атап өтті. Компания бұл мерекені өз клиенттерінің арасында тойлады. Филиал қызметін пайдаланушылардың арасында бүгінде елімізге танымал тұлғалар да бар.

«Фридом Финанс» компаниясы бүгінде еліміздегі ірі брокерлік ұйымның бірі болып табылады. 127 мыңнан аса клиенттік шоты бар. Қазақстанның 16 қаласында компанияның филиалдары жұмыс істеп тұр. Атаулы датаға орай ұзақ уақыт бойы инвестиция салып жүрген клиенттер арнайы шақырылды. Олардың арасында белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжанов та бар.

Cерікжан Сейітжанов, кәсіпкер: «Ұжымға телегей табыс тілеймін! Халыққа зор қызмет көрсетіп жатыр. Салымшылар зор пайдаға кенелуде».

«Фридом Финанс» АҚ құрамына кіретін Freedom Holding корпорациясы NASDAQ америкалық биржасына шыққан ТМД-ның алғашқы брокері болды. Сауда осы жылдың 15 қазанында басталды.

Зайра Амантаева, филиал директоры: «Біз клиенттердің қаржылық сауатын арттыруға жұмыс істеп жатырмыз. Көптеген шеберлік сабақтарын ұйымдастырамыз. Халық инвестиция салып, сол арқылы пайда табуға болатынын білуі қажет».
Бүгінде қаржыны көбейтудің ең тиімді тәсілі қор нарығы саналады. Сала мамандарының сөзіне қарағанда қазақстандықтар соңғы кездері инвестиция салуға қызығушылық танытып келеді.

«Фридом Финанс» жанынан ашылған оқу орталығында клиенттерге капиталын сақтап қана қоймай, оны көбейтудің жолдары үйретіледі. Ал жас инвесторларға мұнда арнайы семинарлар ұйымдастырылып отырады.