Кеше сағат 00:30-да Түркістан облысы, Кентау қаласы, Хантағы елді мекенінде «Кентау Сервис» МКК-не қарасты №5 жылу электр стансасының ауласында жалпы ұзындығы 480 метрлік (бір бағыты – 240 м.) қазандық бөлмесіне көмір таситын ленталық конвейер әр жерден үзіліп жанып, өрт орын алған.

Өрт сағат 00:44-те оқшауланып, сағат 01:42-де толығымен сөндірілді. Жылу электр стансасының жұмысы тоқтатылған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 13 қызметкер мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.