Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында белгісіз тұлға тұрғын-үйіне терезесін бұзу арқылы кіріп, жатын бөлмесінде тұрған ақшасын және алтын бұйымдарын жымқырғанын көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 000-нан астам теңгені құрады. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер, тез арада і ске кірісті. Ұрлық болған жерден күдіктінің қол-саусақ, аяқ киім іздерін алды. Көрген-білгендерден сұрастырды. Түлкібас АПБ-нің жедел уәкілдері, ЖПҚ УПИ қызметкерлерімен қылмысты ашу мақсатында бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде ұрлық болған жерден алынған іздермен, жауап алу барысында күдіктінің кім екені анықталды. Күдікті ретінде 3-4 үй ары тұратын жәбірленушінің ұлының досы яғни көршісінің баласы болып шықты. Ол күнделікті жәбірленушінің үйіне келіп-кетіп жүрген.
Небары 1 сағат ішінде күдіктіні қырағылығы мен біліктілігі арқасында ұстаған полицейлер, оның қалтасынан айғақты зат ретінде ұрланған алтын бұйымдар мен ақшаларды тауып, тәркілеп алды. Алынған заттар заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға үйлеріңізге ұры түспес үшін айналасын қоршап, аулаңызға дабылқаққыш, мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын орнатып, терезелеріңізге темір тор жасатып, есіктеріңізді мықты құлыптармен жабуға кеңес береді. Үйіңізге ұры түсіп, бағалы заттарыңызды жымқырса, уақыт өткізбестен тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер деп ескертеді.