Бүгін Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы «Нұр Қожа» мейрамханасында, аудан бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіби оқуын аяқтаған 172 азаматқа өз мамандықтарының кәсіби иесі ретінде куәліктері салтанатты түрде табысталды.
Салтанатты жиынға аудандық Жұмыспен қамту орталығының директоры Нурипа Темирбаева, «АСУ-KZ» ЖШС орталығының директоры Ораз Досмухаммед, ЖШС «Deluxe Group &GO» орталығының директоры Кетпен Жандос, №11 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары Тұртаев Байдалы, сонымен қатар жаңадан кәсіпкер атанған азаматтар қатысты. Бағдарламаның 1-ші бағыты шеңберінде оқытылған азаматтар өз кәсіптерін ашу немесе жалғастыру үшін аталаған бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан нысаналы топқа жататын азаматтарға, яғни 29 жасқа дейінгі жастар, көпбалалы және табысы аз отбасы мүшелері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен оралмандарға 200 АЕК мөлшерінде, яғни 505 000 теңге мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады.
Келес ауданы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіби оқуға 2019 жылы 14 мамандық бойынша 340 азаматты жіберу жоспарланған болатын.
Аталған жоспар маусым айынан бастап орындалып 30 азамат жолданып бітіріп шықты. Бұл бағыт бойынша бірінші болып бітірген 30 түлектің тұрақты жұмысқа орналасуы 63,3% пайызды құрап отыр, оның ішінде, 200 АЕК көлемінде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант алған 6 азаматша бар. Олар қазіргі таңға өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын дөңгелету барысында.