Апта басында жалауын көтерген жарысқа 200-ден астам спортшы жиналған еді. Басты мақсат алдағы жасөспірімдер олимпиадасына лайықтыларды іріктеу.

Шымкенттің мұз айдынында мың бұрала билеген бұл спортшы Виктория Барикова. 14 жастағы бұрымды Қарағанды облысының намысын қорғауда. Қазақстан біріншілігіне арналған бағдарламаны бұрымды жарты жыл бойы дайындапты.

Шымкенттегі Қазақстан біріншілігі спортшылардың біріне жеңіс әкелсе, өзгесі үшін сәтсіз аяқталды. Тіпті жарыс соңында айдынға шыққан қатысушылар бірінен соң бірі құлап жатты. Көз жасына ерік берген олар енді Швецарияда өтетін олимпиада ойындарына бара алмайды.

Айдар Жаппаров, мәнерлеп сырғанаудан Шымкент командасының жаттықтырушысы: «Бізге мықты қарсыластар Астана, Алматы қаласы мен Қарағанды қаласының спортшылары. Жарыс чемпионат болғандықтан жауапты. Ал, біздің спортшылар өз айдындарында еркін сезінді».

Айта кетейік, қаламызда өткен ел біріншілігі жасөспірімдер олимпиадасына алғашқы іріктеу жарысы. 4 күнге жалғасқан чемпионат нәтижесінде Шымкент қоржынына 3 алтын, 1 күміс, 3 қола түсті.

Назерке Үкібасова