фото Zakon.kz

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында қаланың №34 орта мектебінің 11-сынып оқушыларының арасында орын алған даулы жағдайдың соңы төбелеске ұласқан. Оқушылардың бірі денсаулығына орташа дәрежедегі жарақат алып, қалалық ауруханаға жатқызылды.

Алайда, екі тарап арыз жазудан бас тартты.

Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.