Жыл сайын қола үшін жанталасатын жерлестеріміз биыл да өз межесінен әрі асқан жоқ. Шешуші кездесу Шымкент қаласында өтті.

Турнирдің ақтық кезеңіндегі шешуші ойынды «Ордабасы» командасы сенімді бастады. Алаңға шыға салысымен қарсыластар қақпасына шабуылдаған жерлестеріміз көп күттірмей алғашқы голды да соқты. 5 минутта Жоао Пауло есепті ашты. Ойын басында қуанған жергілікті жанкүйер бірінші таймда қақпаға соғылған допты көре алмады.

Тараз футбол командасы екінші таймда да өз қақпаларын қорғаумен болды. Өз шекарасынан әрі аспаған олар тағы екі доп өткізіп алды. Бұл жолы Диакате мен Щеткин өз есептеріне бір-бір голдан жаздырып қойды. Шымкенттің бас футбол командасы маусымның соңғы кездесуін жауапсыз 3 голмен тәмамдады.

Команда жеңісіне Бақтияр Байсей3тов футболшылардан кем қуанған жоқ. Әдетте жанкүйерлер сыннан көз ашпайтын оған тіпті техас фанс шапан да жапты. Жасыл шапан «Ордабасыдан» ойып тұрып орын алған Байсейітовке ғана берілген жоқ. Қазақтың ұлттық киімін команда бапкері Кахабер Цхадзадзе киді.

Назерке Үкібасова