Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Қайнар бұлақ саяжайының 48 жастағы тұрғыны, жалғызбасты ана Г. Бекбосынованың баспанасы өртеніп кетті.

Таңғы 7:30 шамасында Г. Бекбосынова жалғыз ұйықтап жатқан 10 жастағы қызы тоңып қалмасын деп пешке от жағып, жұмысына кеткен. Көп ұзамай пештің құбыры түтін тартпай, үй іші көк түтінге оранған. Салдарынан үлкен өрт шығып, үйді түгел шарпыған.

Абырой болғанда, өрт сөндірушілер уақытында келіп, алапат өрттің бетін қайтарды. Ал, қызы түтінге ентігіп, ауыр хәлде №6 қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен.

Жыл басынан бері Шымкент қаласында 173 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 105-жағдайында қызыл жалын жек тұрғын үй секторларында болған. Оқыс жағдайлар кезінде медицина апаттар орталығының мамандары 42 адамға медициналық көмек көрсеткен.