Президенттің көмекшісі Шымкентте азаматтарды қабылдады

271

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкентте.

Аида Ғалымқызы  бүгін қала әкімдігінде таңғы сағат 10-:00-ден  азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауды бастады. Алдын ала қабылдауға жазылған 70 азаматтан бөлек, бүгін президенттің көмекшісіне жеке кіремін деген оншақты адамнан қосымша тізім жасақталды.

Айта кететін жәйт, жылдан жылға азаматтардың белсенділігі артуда. Шағымдардың басым бөлігі атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік жәрдемақы, нан бағасы,  мүгедектерге тиесілі қолдау, жер телімін заңдастыруға қатысты болды.

Шынар Оразова