Шымкент қ. ПД-нің қамқорлығындағы Сайрам №4 балалар үйінде «Ризашылық» қайырымдылық фестивалі өткізілді. Бұл «Ризашылық» мерекесін атап өту Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен жүзеге асырылып, дәстүрге айналған.
Мерекелік шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы мен қоғам белсенділері қатысып, балалардың қуанышымен бөлісті.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов жиналған қауымды ризашылық білдіру күнімен құттықтап, өз алғысын білдірді. Балалар өз кезегінде қаланың бас полицейіне ризашылығын білдіріп, оған арнайы дайындаған музыкалық нөмір қойды.
Сондай-ақ, мерекелік кеште №4 балалар үйінің арнайы дайындаған өнерлі жастарының орындауындағы әсем ән-жырлар кештің көркін келтіріп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.