Шымкентте халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде

495

Көрме орталығында 8-ші халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі жұмысын бастады. Жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері, тауар өндірушілер жаңашылдықтарға қанығып қанай қоймай, келісімшарттар түзуде.

Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесіне АҚШ — нан да қатысуда. Виржиниялық компания жерлестерімізге етті және сүтті бағыттағы  ірі қара малы жайлы баяндауда .Мұнда тыңайтқыштардан бастап көшеттердің сан алуан түріне тапсырыс беруге мүмкіндігіңіз бар.

Ресей, Белорусь нарығында өз өнімдерімен танымал компания оңтүстік өңіріне картоптың жеті сұрыпын ала келіпті. Түркімендіктер жылыжайда өсірілген қызанақ пен кептірілген өнімдер мен жемістерді жеткізіпті. Қырғызстандық өндірушілер зиянкестермен күресуге арналған жаңашылдықтарымен бөлісуде. Жылдан жылға көрмеге қатысушылардың қатары артуда. 8-ші халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесіне Түркия, Корея, Тәжікстан мен Өзбекстанның тауарөндірушілері қатысуда.

Егістікке қажетті замануи техника мен құрал-сайманның кең таңдауы ұсынылған «Агритек Шымкент 2019» көрмесі қарашаның 15-не дейін жалғасады.

Шынар Оразова