Ағымдағы жылдың 28 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Еңбекші ауданының аумағында полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына жол бермеу, құқықтық ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қадағалаусыз балаларды, сондай-ақ қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасайтын және құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды анықтау, ата-аналардың жасөспірімдерді тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын ата-аналарды жауапкершілікке тарту болып табылады.

Түнгі рейд барысында полицейлер кәмелетке толмағандардың жаппай болатын орындарын тексеріп, қала көшелерін аралап, ойын-сауық орындарына барып, келушілердің жасына ерекше назар аударды.

Аталған рейдтің нәтижесінде полиция бөлімшесіне 32 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Оның ішіндегі 6-ы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, 25-жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен «сағат 23:00 ден 06:00 ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз», 1 жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігімен «жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келу» әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, ювеналды полиция инспекторлары жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесулер өткізді, тиісті кеңес беріп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерін түсіндірді.