Синоптиктер алдағы күндері  өңірімізде тұман, көктайғақ күтіледі деп ескертеді.

Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты облыста жауын-шашын  қарға ұласады. Кейбір жерлерде жылдамдығы 12-15 м/сек жел тұрады. Күндіз ауа температурасы  +1 және + 6 дан -1 және -6-ға дейін төмендейді. Облыстың солтүстік бөлігінде  -12 және -17 градусқа дейін аяз күтілуде. Инженер-синоптик Арайлым Түргенованың мәлімдеуінше   қарашаның 23-і мен 24-інде аязды күндер сақталады. 25, 26  қарашадан күн жылынады. Ертеңнен бастап  бейсенбі мен сенбі күндері аралығында тұман, көктайғақ болады.

Шынар Оразова