Түркістан облысы Полиция департаментінде жеке құрамның қыс мезгілінде қызмет атқаруға дайындығы бойынша дәстүрлі саптық байқауы өтті. Байқауға Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, оның орынбасарлары, облыстық полиция департаменті құрылымдарының басшылары мен жеке құрамы толық қатысты.

Тексеру барысында Түркістан облысы ПД-нің бастығы Қ. Дәлбеков пен оның орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов полиция қызметкерлерінің жеке куәлігін, әр сақшының жеке нөмірлері мен төсбелгілері бар жетондарын, сондай-ақ нысанды киімнің сәйкестігін жіті тексерді.

Облысымыздың бас полицейі атап өткендей, мұндай байқаулар жеке құрам арасында саптық дағдыны арттыруға, тәртіп пен жарғылық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Өйткені полицейлер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметін лайықты атқару үшін үнемі ұқыпты және жинақы болуы тиіс.

Саптық байқау соңында Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері салтанатты шерудің алдында сап түзеп, саптық қадамды көрсетті.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі