Уақ малдың саны бойынша Түркістан облысы көш басында

293
фото inform.kz

Қой ешкі санын 4,5 миллионға жеткізіп, республикада 1 — орынға қол жеткізген Түркістан облысының шаруалары ірі қара малды санын көбейту бойынша үшінші орында тұрақтады.

Ағымдағы жылы 5 жаңа мал бордақылау алаңы, 8 отбасылық сүт фермасы ашылып, ағарған шығаратын өндірістер кеңейтілді. Ветереинарлық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 36 млн. доза вакцина алынып, профилактикалық іс -шаралар атқарылды. Сала мамандарының еңбегінің арқасында өңіріміз осындай жетістіктерге жетіп отыр. Биылғы «Алтын күз -2019» мерекесінде алғашқы рет мал дәрігерлеріне құрмет көрсетілді.

Майлыбай Жанқараев, мал дәрігері: «Еңбек өтілім 32 жыл, мал шаруашылығы саласында жұмыс істегеніме 18 жыл болыпты. Еңбегімізді елеп қошемет көрсетіп жатыр, диплом берді. Мамандығымыздың қыр-сырын жастарға  үйретеміз. Адал еңбек етсең, жемісін көретінін олар ұғынуы керек».

Шынар Оразова